Мазмұнға өту
  • Басты бет
    • Жеке хат алмасыңызБайланыстан ажырамаңызТоптарда байланыс орнатыңызОйыңызды жеткізіңізБизнеске арналған WhatsApp
  • Құпиялық
  • Анықтамалық орталық
  • Блог
  • Бизнеске арналған
  • Жүктеп алу
Жүктеп алу
Шарттар және Құпиялық саясаты2025 © WhatsApp LLC
WhatsApp басты бетіWhatsApp басты беті
    • Құпия түрде хат алмасыңыз

      Толығымен шифрлау және құпиялықтың басқару құралдары.

    • Байланыстан ажырамаңыз

      Әлем бойынша тегін* хат алмасып, қоңырау шалыңыз.

    • Топтарда байланыс орнатыңыз

      Топта хат алмасу жеңілдеді.

    • Ойыңызды жеткізіңіз

      Стикерлермен, дауыспен, GIF-пен және т.б. білдіріңіз.

    • WhatsApp Business

      Кез келген жердегі клиенттермен байланыста болыңыз.

  • Құпиялық
  • Анықтамалық орталық
  • Блог
  • Бизнеске арналған
  • Қолданбалар
Аккаунтқа кіруЖүктеп алу

Коронавирус (COVID-19) пандемиясы кезінде байланыста болуға WhatsApp ұсынатын көмектер

WhatsApp сізге ең маңызды жандармен байланыста болуға көмектеседі. WhatsApp қолданбасын достарыңыз бен отбасыңызға қамқор болу, медицинаға қатысты соңғы ақпараттан хабар алып отыру және ақпаратты адал ниетпен бөлісу үшін пайдалануға болады. Егер WhatsApp қолданбасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз немесе оны есіңізге түсіргіңіз келсе, мұнда пайдалану жолдары туралы қадам-қадаммен берілген нұсқаулар бар.

Қашықтан қосылу

WhatsApp қолданбасының топтар, дауыстық қоңырау және бейне қоңырау сияқты функцияларын пайдаланып, байланыста болыңыз және жақындарыңызға қасында болмасаңыз да қолдау көрсетіңіз.

Сенімді ақпарат ресурстарын таңдау

Жергілікті, республикалық және әлемдік ұйымдарға хабарласыңыз. Ең соңғы ақпарат пен нұсқауларды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы немесе ұлттық Денсаулық сақтау министрлігі сияқты сенімді органдардан алыңыз.

Жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге атсалысу

Келген хаттардағы ақпаратты сараптаңыз, себебі коронавирус туралы келген ақпараттың барлығы шын болмауы мүмкін. Ақпараттарды сенімді ресми органдар, фактчекерлер немесе Халықаралық факт тексеру желісінің (IFCN) +1 (727) 2912606 веб-бетіндегі факт тексеру чатботы арқылы растап алыңыз. Егер қандай да бір ақпараттың дұрыстығына сенбесеңіз, оны таратпаңыз.

Қоғамдық қайраткерлер

Біз қоғамдық қайраткерлерге қолдау көрсетуге міндеттіміз, себебі сіз осы мәселе бойынша жауап бересіз. Адамдарды коронавирус алаңдатып жатқанда, таныстарыңызға хабарлау және олармен байланыста болу үшін WhatsApp қолданбасын қалай пайдалану керектігі туралы ақпарат алыңыз.

Денсаулық сақтау саласының мамандары

Науқастарға хабарласу, таныстарыңызға хабарлау, қашықтан конференция өткізу, жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауап беру және т.б. амалдар туралы ақпарат алыңыз.

Толық ақпарат >

Оқытушылар

WhatsApp арқылы оқушыларға хабарласу, тапсырма жіберу және қабылдау, сабақты мәтін және дауыстық хабарлар түрінде бөлісу және т.б. амалдар туралы ақпарат алыңыз.

Толық ақпарат >

Коммерциялық емес ұйымдар және жергілікті мемлекеттік органдар

Ұйымыңызды таныстырыңыз, таныстарыңызбен байланыста болыңыз, шын ақпаратты уақытында бөлісіңіз, ұжымыңыздың жұмысын үйлестіріп, негізгі сұрақтарға жылдам жауап беріңіз және т.б.

Толық ақпарат >

Жергілікті бизнес өкілдері

Түрлі жолдарды қарастырып, тұтынушыларыңызбен байланыста болыңыз, ағымдағы жұмыс уақыттарыңызды бөлісіңіз, тауарды алып кетуді және жеткізіп беруді тиімді ұйымдастырыңыз, ғимарат ішіндегі санитарлық құралдарды жаңартып отырыңыз және т.с.с.

Толық ақпарат >

Оқиғалар

Осы қиын уақытта адамдар таныстарына хабарласу үшін WhatsApp қолданбасын қалай қолданып жатқаны туралы хабардар болыңыз:

Пәкістанда WhatsApp-тағы бір топ 21 миллион рупия жинап, елдің ең аз қамтылған адамдарын кедейліктен сақтап қалды: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Италиядағы бір топ қала басшылары WhatsApp арқылы байланысып жүр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Италияның Неаполь қаласындағы бастауыш мектептер жабылғанына қарамастан, WhatsApp арқылы бала оқитын отбасыларға тапсырмалар беріп жатыр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Гонконгта бір адам WhatsApp қолданбасын пайдаланып, жергілікті компанияларға қолдау көрсету үшін халыққа үндеу жасады: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Иорданиядағы халықты жұмыспен қамту бағдарламасының өкілдері WhatsApp қолданбасын пайдаланып, коноравирус пандемиясынан кейін әйелдерді жұмыс табуға ынталандырып отыр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Парижде медицина саласының мамандары WhatsApp-та топ ашып, аурухананың мүмкіндіктері туралы соңғы жаңалықтарды бөлісіп отыр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Үндістанда Коимбатурдың шенеуніктері WhatsApp арқылы жиналыс өткізіп жүр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Сириядағы босқындар қалашығында тұратын мұғалімдер WhatsApp арқылы ата-аналармен бейне сабақтар өткізіп жатыр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Үндістандағы індеттен аман қалғандар WhatsApp топтарын пайдаланып, өз замандастарының арасында коронавирус жайында ақпарат беріп жүр: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Бразилиядағы Флорианополис қаласында науқастар WhatsApp арқылы кездесулер ұйымдастырып, сұрақтарға жауап бере алады: Мақаланы мына жерден оқыңыз >

Әлемдік серіктестер

Жүктеп алу
WhatsApp негізгі логотипі
WhatsApp негізгі логотипі
Жүктеп алу
Қызметіміз
ФункцияларБлогҚауіпсіздікБизнеске арналған
Біз кімбіз?
Біз туралы ақпаратМансапБренд орталығыҚұпиялық
WhatsApp пайдалану
AndroidiPhoneMac/компьютерWhatsApp Web
Көмек қажет пе?
Бізге хабарласыңызКөмекҚолданбаларҚұпиялыққа қатысты кеңестер
Жүктеп алу

2025 © WhatsApp LLC

Шарттар және Құпиялық саясаты
Сайта картасы