Ең алғашқы күннен бастап біз WhatsApp-ты дүлей апат жағдайында достарыңызбен байланыста болу, маңызды ақпаратты бөлісу, бір-бірінен айырылған отбасы мүшелерін қайта қауыштыру немесе жақсы өмір сүру жағдайларын іздеу үшін көмек ретінде әзірледік. WhatsApp арқылы сіз жеке өміріңіздің кейбір қырларын бөлісесіз, сол себепті осы қолданбаға толығымен шифрлау мүмкіндігін ендірген болатынбыз. Толығымен шифрлау мүмкіндігі арқылы хаттар, фотолар, бейнелер, дауыстық хаттар, құжаттар және қоңыраулар басқа адамдардың қолына түспейді.
WhatsApp-тың толығымен шифрлау мүмкіндігі WhatsApp Messenger-ді қолданып басқа адамға хат жібергеніңізде қолданылады. WhatsApp-тың толығымен шифрлау мүмкіндігі сіз жіберген ақпаратты сіз және сізбен хат алмасатын адам ғана оқып, тыңдайтынына кепілдік береді. Бұл хаттарға басқа адамдар, тіпті WhatsApp-тың өзі де қол жеткізе алмайды. Бұның себебі — толығымен шифрлау мүмкіндігі арқылы хаттар құлыппен қорғалады, оларды құлыптан босатып, оқуға арналған арнайы кілт сіз бен қабылдаушыда ғана болады. Мұның барлығы автоматты түрде орындалады: хаттарыңызды қорғау үшін параметрлерді реттеу немесе арнайы құпия чаттар жасау қажет емес.
WhatsApp-тың әрбір хаты құрылғыдан жіберілмей тұрып, хаттарды қорғайтын сигналды шифрлаудың бір протоколымен қорғалады. WhatsApp бизнес аккаунтына хат жіберсеңіз, хатыңыз бизнес таңдаған орынға қауіпсіз түрде жіберіледі.
WhatsApp қызметі WhatsApp Business қолданбасын пайдаланатын немесе клиент хаттарын реттеп, сақтайтын бинестертік чаттарды өздігінен толығымен шифрланған деп есептейді. Хат алынған кезде, ол бизнестік аккаунттың жеке құпиялылық талаптарына бағынады. Бизнестік аккаунт хаттарды өңдеп, оларға жауап беру үшін бірнеше қызметкерді немесе басқа сатушыларды тағайындауы мүмкін.
Жергілікті бизнестік аккаунттар1 хаттарды қауіпсіз түрде сақтау және клиенттерге жауап беру үшін WhatsApp-тың бас компаниясы — Facebook-ты таңдай алады. Бизнестік аккаунттың құпиялылық талаптары туралы толық ақпарат алу үшін оған тікелей хабарласа аласыз.
Таңдалған елдерде қолжетімді WhatsApp төлемдері қаржы ұйымдарындағы шоттардың арасындағы ақша аударымдарына мүмкіндік береді. Карта мен банк нөмірлері қауіпсіздігі жоғары желіде шифрланған түрде сақталады. Алайда қаржы ұйымдары бұл төлемдер туралы ақпаратты алмаса, транзакцияларды өңдей алмайтындықтан, бұл төлемдер толығымен шифрланбайды.
WhatsApp хаттарыңыздың қалай өңделетінін біліп жүргеніңізді қалайды. Жеке тұлға немесе бизнестік аккаунттан хат алғыңыз келмесе, оларды чатта тікелей бұғаттай аласыз немесе контактілер тізімінен жоя аласыз. Хаттарыңыздың қалай өңделетінін білгеніңізді және өзіңіз үшін дұрыс шешімдерді қабылдауда таңдауыңыздың көп болуын қалаймыз.
Open Whisper Systems-пен бірлесе отырып әзірленген WhatsApp-тың толығымен шифрлау мүмкіндігінің жан-жақты техникалық сипаттамасын оқыңыз.
Қауіпсіздікке қатысты өзгерістерді біліп отыру үшін Қауіпсіздікке қатысты кеңестер бөлімін қараңыз.
1 2021 жылы.