Алғашқы күннен бастап достарыңызбен байланыста болуға, табиғи апат кезінде маңызды ақпарат бөлісуге, ажырап қалған отбасы мүшелерімен қайта байланысуға немесе жақсы өмір іздеуге көмектесу үшін WhatsApp қолданбасын құрастырдық. Кейбір жеке сәттерді WhatsApp қолданбасында бөлісуге болады, сондықтан біз қолданбамызға толық шифрлауды ендіргенбіз. Толығымен шифрланған хаттар, суреттер, бейнелер, дауыстық хаттар, құжаттар және қоңыраулар басқа адамдарға көрінбейді.
WhatsApp-тың толығымен шифрлау мүмкіндігі WhatsApp Messenger арқылы басқа адамға хат жібергеніңізде қолданылады. WhatsApp-тың толығымен шифрлау мүмкіндігі сіз жіберген ақпаратты сіз және сізбен хат алмасатын адам ғана оқып, тыңдайтынына кепілдік береді. Бұл ақпарат басқа адамдарға, тіпті WhatsApp тобының өзіне де көрінбейді. Себебі толығымен шифрлау мүмкіндігі арқылы хаттар құлыппен қорғалады, олардың құлпын ашып оқуға қажетті арнайы кілт сіз бен қабылдаушыда ғана болады. Мұның барлығы автоматты түрде орындалады: хаттарыңызды қорғау үшін параметрлерді реттеу немесе арнайы құпия чаттар жасау қажет емес.
Әр WhatsApp хаты құрылғыдан жіберілерден бұрын, хаттарды қорғайтын бір сигналдық шифрлау протоколымен қорғалады. WhatsApp бизнес аккаунтына хат жіберсеңіз, хатыңыз бизнес таңдаған орынға қауіпсіз жіберіледі.
WhatsApp қызметі WhatsApp Business қолданбасын пайдаланатын немесе клиент хаттарын реттеп сақтайтын бизнес чаттарды өздігінен толығымен шифрланған деп есептейді. Хат келген кезде, ол бизнес аккаунттың жеке құпиялылық талаптарына бағынады. Компания хаттарды өңдеп, оларға жауап беру үшін бірнеше қызметкерді немесе басқа қызмет көрсетушілерін тағайындауы мүмкін.
Кей компаниялар1 хаттарды қауіпсіз сақтап, клиенттерге жауап беру үшін WhatsApp-тың бас компаниясы — Meta-ны таңдай алады. Сол компанияға тікелей хабарласып, оның құпиялық ережелері туралы қосымша ақпарат алуға болады.
Таңдаулы елдерде қолжетімді WhatsApp төлемдері қаржы ұйымдарындағы шоттардың арасындағы ақша аударымдарына мүмкіндік береді. Карта мен банк нөмірлері қауіпсіздігі жоғары желіде шифрланып сақталады. Дегенмен қаржы ұйымдары бұл төлемдер туралы ақпаратсыз транзакцияларды өңдей алмайтындықтан, төлемдер толығымен шифрланбайды.
Хаттарыңыздың қалай өңделетінін біліп жүруіңіз WhatsApp үшін маңызды. Жеке тұлғадан немесе бизнес аккаунттан хат алғыңыз келмесе, оларды чатта тікелей бұғаттай аласыз немесе контактілер тізімінен жоя аласыз. Хаттарыңыздың қалай өңделетінін білуіңіз және өзіңіз үшін дұрыс шешім қабылдауда таңдаудың болуы біз үшін маңызды.
Достарыңыз бен отбасыңыздың мүшелері басқа елде болса да, “WhatsApp қоңырау” функциясы олармен бетпе-бет сөйлесуге мүмкіндік береді.
Толығымен шифрланған хаттар жеткізілгеннен кейін, WhatsApp серверлерінде емес, құрылғыңызда сақталады.
WhatsApp қызметі соққан қоңырауларыңыз бен жіберген хаттарыңыздың толығымен шифрланғанын қарап көруіңізге мүмкіндік береді. Бар болғаны чаттағы, контакт туралы мәліметтегі немесе бизнес туралы мәліметтегі индикаторды қараңыз.
Open Whisper Systems компаниясымен бірге әзірленген WhatsApp қолданбасының толығымен шифрлау технологиясы туралы толық техникалық түсіндірмені оқып шығыңыз.
Тұрақты қауіпсіздік жаңартуларын Қауіпсіздік анықтамалықтарынан қараңыз.
1 2021 жыл.