Бірінші күннен бастап біз WhatsApp-ты Сізге достарыңызбен қатысып тұруға, қиын жағдайларда6) маңызды ақпаратпен бөлісуге, байланыс үзіліп қалған туысқандарды қайта қосуға, немесе жаңа өмір табуға көмектесу үшін жасадық. WhatsApp арқылы Сіз кейбір ең маңызды кездеріңіз туралы бөлістіңіз. Сондықтан біз WhatsApp-тың соңғы нұсқаларына толығымен шифрлау функциясын қостық. Толығымен шифрланғанда Сіздің хаттарыңыз, фотоларыңыз, видеоларыңыз, дауыстық хаттарыңыз, құжаттарыңыз және қоңырауларыңыз бөтен адамдарға түспейді.
Сіз және Сіз хат жөнелткен адамдар WhatsApp-тың соңғы нұсқасын орнатқанда толығымен шифрлау функциясын қолдана аласыз. Көптеген хат тарату қосымшалары тек Сіз және олар арасындаға хаттарды шифрлайды. Алайда WhatsApp-тың толығымен шифрлау функциясы арқылы тек қана Сіз және Сіз хат жөнелткен адам сол хатты оқи алады. Басқалар, тіпті WhatsApp, оны көре алмайды. Себебі Сіздің хаттарыңызда қорғау болады. Сол қорғауды алып, хатты оқу үшін Сіздерде арнайы код болады. Қосымша қорғау үшін әр хаттың өзінің бірегей қорғауы және коды болады. Бұны барлығы автоматты түрде жүреді: хаттарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін баптаулар арқылы қосудың немесе арнайы құпия чаттардың қажеті жоқ.
WhatsApp қоңыраулары арқылы Сіз достарыңыз және туысқандарыңызбен сөйлесуге болады. Тіпті олар басқа мемлекетте болса да. Сіздің хаттарыңыз секілді WhatsApp қоңыраулары толығымен шифрланған. Сондықтан WhatsApp және үшінші тараптар оларды тыңдай алмайды.
Сіздің хаттарыңыз өзіңізде сақталу тиіс. Сондықтан WhatsApp Сіздің хаттарыңызды жеткізген соң өз серверлерінде сақтамайды. Ал толығымен шифрлау функциясы арқылы WhatsApp және үшінші тараптар оларды оқи алмайды.
WhatsApp арқылы Сіз қоңырауларыңыз және жөнелткен хаттарыңыздың толығымен шифрланғанын тексере аласыз. Жай ғана контакт немесе топ туралы мәлімет бөлімінде көрсеткішті табыңыз.
Open Whisper Systems бірге жасалған WhatsApp-тың толығымен шифрлау функциясы туралы толық техникалық ақпаратты оқыңыз.