Қарапайым әрі құпия сақталатын өнімді жобалау арқылы әлемді құпия түрде байланыстыру — біздің мақсатымыз. Жеке хабарларды достарыңызға немесе отбасыңызға жіберсеңіз де, компаниямен хат алмассаңыз да, байланысыңыз үнемі қауіпсіз етіледі және сіз де сенімді боласыз.
Толығымен шифрланған чаттардағы әңгімелер алтын түстес хатпен анық белгіленеді, бұл хаттар мен қоңыраулар өзіңіздің араңызда қалады. Бұл мазмұнды ешкім, тіпті WhatsApp та оқи немесе тыңдай алмайды..
Хаттарыңыз өзіңізге тиесілі болады. Сол себепті хаттарыңыз телефоныңызда сақталады, біз оларды жарнама берушілермен бөліспейміз.
WhatsApp қолданбасы сіздің құпия ақпаратыңыз бен қауіпсіздігіңізді түсінуді және реттеуді жеңілдетті.
Дұрыс шешім қабылдауыңыз және байланысты қауіпсіз әрі құпия етуіңіз үшін, WhatsApp сізге құралдар тобын, функцияларды және ресурстарды ұсынады.
Толығырақ:
Қандай ақпараттың құпия қалатынын және қандай ақпаратты жинап, бас компаниямыз Facebook-пен бөлісетініміз туралы ашық айтқымыз келеді. Біз бөлісетін ақпарат пайдаланушылар үшін ең үздік функцияларды ұсынуға және қауіпсізідкті жақсартуға көмектеседі. Ең соңғы және нақты ақпарат алу үшін құпиялылық саясатын көріңіз.