Тексттер
Оңай, сенімді хат алмасу
Достарыңызға және туысқандарыңызға тегін* хаттар жазыңыз. WhatsApp хат жөнелту үшін телефоныңыздың Интернет байланысын қолданады, сондықтан Сізге SMS ақысын төлеудің қажеті жоқ.
Топтық чат
Топтар
Туысқандарыңыз және әріптестеріңіз секілді ең маңызды адамдармен әрдайым қатысып тұрыңыз. Топтық чаттар арқылы Сіз хаттар, фото және видеоларды 256 адамға дейін бірден жөнелте аласыз. Сонымен қатар Сіз топтың атын қойып, оны үнсіз етіп немесе хабарламаларын баптай аласыз.
WhatsApp Web және компьютердегі WhatsApp
Сұхбатты жалғастыру
WhatsApp Web және компьютердегі WhatsApp арқылы барлық чаттарыңызды компьютерге синхронизация жасап, кез келген ыңғайлы құрылғы арқылы WhatsApp-ты қолдана аласыз. Компьютерге қосымшаны жүктеңіз немесе web.whatsapp.com сайтына кіріңіз.
WhatsApp дауыстық және видео қоңыраулар
Тегін сөйлес
Қоңыраулар арқылы Сіз достарыңыз және туысқандарыңызбен тегін* сөйлесе аласыз, тіпті олар басқа елде болса да. Ал дауыс пен текст жетпесе, бір біріңізді көріп, тегін* видео қоңыраулар арқылы сөйлесіңіз. WhatsApp қоңыраулары және видео қоңыраулары ұялы байланыстың орнына телефоныңыздың Интернет байланысын қолданады, сондықтан Сізге қымбат қоңыраулар туралы ойлаудың қажеті жоқ.
Толығымен шифрлау
Стандартты қауіпсіздік
Сіздің кейбір жеке деректеріңіз WhatsApp-та бар, сондықтан қосымшамыздың соңғы нұсқаларына толығымен шифрлау функциясын қостық. Толығымен шифрланғанда хаттарыңызды және қоңырауларыңызды тек қана Сіз және Сіз әңгімелесіп жатқан кісі оқи және тыңдай алады.
Фото және видео
Маңызды кездеріңізбен бөлісіңіз
WhatsApp арқылы фото және видеоны тез жөнелтіңіз. Сіз ең маңызды кездерді тіпті құрылғыңыздың камерасы арқылы жасай аласыз. WhatsApp арқылы фото және видеоны нашар Интернет байланысы арқылы да жөнелте аласыз.
Дауыстық хаттар
Ойыңыздағыны айтыңыз
Кейде Сіздің дауысыңыз барлық қажеттіні жеткізе алады. Түймені бір басып, Сіз дауыстық хатты жаза аласыз. Сәлем айтуға немесе ұзын хат жазуға ыңғайлы.
Құжаттар
Құжаттармен бөлісу оңай
PDF файлдар, құжаттар, электрондық кестелер, слайд-шоулар және тағы да басқа файлдарды электрондық пошта немесе файлдармен бөлісу қосымшаларынсыз жөнелтіңіз. Сіз 100 МБ дейінгі файлдарды жөнелте аласыз, сондықтан Сіз қажетті нәрсені қажетті адамға оңай жеткізе аласыз.