WhatsApp арналары — өзіңізге қызықты адамдар мен ұйымдардан пайдалы жаңалықтар алып отырудың қарапайым әрі құпия жолы.
Арналар каталогін зерттеп, сүйікті спорт командасынан бастап жергілікті наубайхананың күнделікті арнайы ұсыныстарына дейінгі соңғы қызықты тақырыптары бар арналарға жазылыңыз. Сүйікті арналарыңызға тіркеліп, өзіңізге ұнайтын ақпаратқа эксклюзивті түрде қол жеткізіңіз*.
* Бұл мүмкіндік кейбір пайдаланушыларға қолжетімді болмауы мүмкін.
Қандай арнаға жазылғаныңызды тек сіз көре аласыз. Телефон нөміріңіз құпия сақталады және оны сізді контакт ретінде сақтаған администраторлар ғана көреді.
Арналар жеке чаттар мен қоңыраулардан бөлек, "Жаңартулар" қойындысында болады және арна хабарландырулары әдепкісінше дыбыссыз болады.
Миллиардтаған адамның әлемдік аудиториясымен жаңалықтарды бөлісіңіз және WhatsApp-тағы арнаңызбен қызықтыру мен дамытудың сенімді жолын табыңыз.
Аудитория жүктеп ала алатын, өзіңіз жасаған стикерлерді, жаңалықтар айтылған дауыстық хаттарды жіберіңіз немесе тіркелушілердің пікірін білу үшін сауалнама жүргізіңіз.
Арнаңызды көбірек адам таба алуы үшін, арна сілтемесін немесе бірегей QR кодын статус пен жеке чаттарыңызда бөлісіңіз.
WhatsApp-та эксклюзивті, дәл сол сәттегі жаңалықтарды ең белсенді және қолдаушы жазылушылармен бөлісіңіз және ақша табыңыз.
* Бұл мүмкіндік кейбір пайдаланушыларға қолжетімді болмауы мүмкін.