
WhatsApp Business қолданбасы
WhatsApp Business қолданбасын тегін жүктеп алуға болады және ол шағын кәсіп иелерін ескере отырып жасалған. Қолданба тұтынушыларыңызбен жеке-дара байланысуды, тауарларыңыз бен қызметтеріңізді таныстыруды және сауда жасау кезінде туындаған сұрақтарға жауап беруді жеңілдетеді. Тауарларыңыз бен қызметтеріңізді таныстыру үшін каталог жасаңыз және автоматтандыру, сұрыптау және хаттарға жылдам жауап беру үшін арнайы құралдар пайдаланыңыз.
Сонымен қатар WhatsApp арқылы орта және ірі бизнес нысандары өз тұтынушыларына қолдау көрсетіп, маңызды хабарламалар жібере алады. WhatsApp Business API туралы толық ақпарат алыңыз.