WhatsApp Business қолданбасын жүктеп алу тегін және ол шағын бизнес субъектілеріне арнап жасалған. Қолданба тұтынушыларыңызбен жеке-дара байланысуды, тауарларыңыз бен қызметтеріңізді таныстыруды және сауда жасау кезінде туындаған сұрақтарға жауап беруді жеңілдетеді. Тауарларыңыз бен қызметтеріңізді таныстыру үшін каталог жасаңыз және автоматтандыру, сұрыптау және хаттарға жылдам жауап беру үшін арнайы құралдар пайдаланыңыз.
Сонымен қатар WhatsApp орта және ірі бизнестер үшін тұтынушыларға қолдау көрсету және маңызды хабарламалар жіберу мүмкіндіктерін ұсынады. WhatsApp Business API туралы толық ақпарат алыңыз.
Мекенжай, кәсіп сипаттамасы, электрондық пошта мекенжайы және веб-сайт секілді тұтынушыларыңызға пайдалы ақпаратты қамтитын бизнес профиль жасаңыз.
Жылдам жауап мүмкіндігі жиі жіберілетін хаттарды сақтап, оларды қайта қолдануға мүмкіндік береді, осылайша жалпы сұрақтарға жылдам жауап бере аласыз.
Контактілеріңіз бен чаттарыңызды ретке келтіріп қойсаңыз, оларды кейінірек тауып алуыңыз жеңілдейді.
Хаттарға жауап қайтару мүмкін болмағанда, "орнында жоқ" хатын жіберіп, тұтынушыларыңызға қашан жауап беретініңізді ескертуге болады. Сондай-ақ өз кәсібіңізді тұтынушыларыңызға таныстыру мақсатында сәлемдесу хатын жасай аласыз.