WhatsApp туралы

Біздің қосымша

180-нен астам елде 1 миллиардтан көп адам WhatsApp-ты1 достарымен және туысқандарымен кез келген уақытта кез келген жерде хабарласу үшін қолданады. WhatsApp тегін2 және әлемнің кез келген жеріне оңай, қауіпсіз, сенімді хаттар жөнелтуді және қоңыраулар шалуды ұсынады.

1 Айтпақшы, WhatsApp деген ағылшынша "Қалайсың" сөзінің келтірме түрі.

2 Ақылы болу мүмкін.

Мақсатымыз

WhatsApp SMS-ке балама ретінде басталды. Қазір қосымшамыз арқылы файлдардың әр түрін жөнелту және қабылдауға болады: мәтін, фото, видео, құжаттар және орналасу орны, сондай-ақ дыбыстық қоңыраулар. Біздің хаттар мен қоңыраулар толығымен шифрлау арқылы қауіпсіз етілді, сондықтан үшінші тараптар, оның ішінде WhatsApp та, оларды оқи немесе ести алмайды. Қызметке қатысты әрбір шешім негізінде адамдарға әлемнің кез келген жерінде кедергісіз қарым-қатынасқа жол ашу ниетіміз жатыр.

Біздің топ

WhatsApp-тың негізін қалаған Yahoo! компаниясында 20 жыл бойы жұмыс істеген Ян Кум және Брайн Эктон. WhatsApp Facebook-ке 2014 қосылды, бірақ ол әлемнің кез келген жерінде қауіпсіз және сенімді хат алмасу қызметін құру мақсаты бар бөлек қосымша ретінде өз жұмысын жалғастыруда.