180-нен астам елде 2 миллиардтан көп адам WhatsApp-ты1 достарымен және туысқандарымен кез келген уақытта кез келген жерде хабарласу үшін қолданады. WhatsApp тегін2 және әлемнің кез келген жеріне оңай, қауіпсіз, сенімді хаттар жөнелту және қоңыраулар шалу қызметін ұсынады.
1 Айтпақшы, WhatsApp деген ағылшынша "Қалайсың" сөзінің келтірме түрі.
2 Мобилді деректер қолдану мүмкін.
WhatsApp SMS-ке балама ретінде басталды. Қазір қосымшамыз арқылы файлдардың әр түрін жөнелтуге және қабылдауға болады: мәтін, фото, видео, құжаттар және орналасу орны, сондай-ақ дыбыстық қоңыраулар. Жеке сәттеріңіздің кейбір бөлігін WhatsApp арқылы бөлісесіз, сол себепті қолданбамызға толығымен шифрлау мүмкіндігін қостық. Қызметке қатысты әрбір шешім негізінде адамдарға әлемнің кез келген жерінде кедергісіз қарым-қатынасқа жол ашу ниетіміз жатыр.
WhatsApp-тың негізін қалаған Yahoo! компаниясында 20 жыл бойы жұмыс істеген Ян Кум және Брайн Эктон. WhatsApp Facebook-ке 2014 жылы қосылды, бірақ ол әлемнің кез келген жерінде қауіпсіз және сенімді хат алмасу қызметін құру мақсаты бар бөлек қосымша ретінде өз жұмысын жалғастыруда.