Қарапайым. Қауіпсіз.
Сенімді хат алмасу мүмкіндігі.
WhatsApp арқылы Сіз әлемдегі кез келген телефонға тегін*, жылдам, оңай және қауіпсіз хат жөнелтіп, қоңырау шала аласыз.
WhatsApp арқылы Сіз әлемдегі кез келген телефонға тегін*, жылдам, оңай және қауіпсіз хат жөнелтіп, қоңырау шала аласыз.
WhatsApp Business — шағын кәсіп иелерінің қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, тегін жүктеп алынатын қолданба. Өнімдеріңіз бен қызметтеріңізді каталог жасап таныстырыңыз. Хаттарды автоматтандыру, сұрыптау және оларға жылдам жауап беру құралдарын пайдалану арқылы клиенттеріңізбен қарым-қатынас орнатыңыз.
Сонымен қатар WhatsApp арқылы орта және ірі бизнес нысандары өз тұтынушыларына қолдау көрсетіп, маңызды хабарламалар жібере алады. WhatsApp Business API туралы толық ақпарат алыңыз.
Сіздің кейбір жеке деректеріңіз WhatsApp-та бар, сондықтан қосымшамыздың соңғы нұсқаларына толығымен шифрлау функциясын қостық. Толығымен шифрланғанда хаттарыңызды және қоңырауларыңызды тек қана Сіз және Сіз әңгімелесіп жатқан кісі оқи және тыңдай алады.